- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әуежайына Елбасының есімін беру дұрыс шешім – Қ.Тоқаев
Астана әуежайына Елбасының есімін беру дұрыс шешім – Қ.Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана әуежайына беру елорданың 20 жылдығы қарсаңында болып отыр. Мемлекет басшысының елорданы көшіру шешімі стратегиялық мағынаға ие болған еді. Екі онжылдық бұрын бұл шешімнің тереңдігін барлығы түсіне қоймап еді, аталмыш жобаның сәттілігіне Президенттің кейбір замандастары да күмәнданды. Алайда, көшбасшы стратегиялық тұрғыда нық шешім қабылдады.
Астана әлемдік брендке айналды. Біздің елордада жаһандық саясатқа әсер ететін халықаралық форумдар өткізіледі. Астанада Президенттің тапсырмасы бойынша әлемдік сәулетте кездеспейтін бірегей нысандар бар. Президент инфрақұрылым нысандарына ерекше көңіл аударады. Біріншіден, Астана мен барша елдің бейнесі болатын әуе айлағы.
Жақында қайта жөндеуден кейін біздің әуежай елорда мәртебесіне сай жаңаланды.
Астана – жоғары технологиялы және инновациялық сәтті жоба, ЭКСПО-2017 көрмесі оның дәлелі болып отыр.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік тарихқа гүлденген мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы ретінде енді. Елбасыны шетелде әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде ретінде құрметтейді.
«Президенттің есімін Астана әуежайына беру шешімін дұрыс деп ойлаймын. Аталмыш акцияны қазақстандықтар мен шетелдіктер қолдайды деп ойлаймын», - деді Сенат төрағасы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз