- Басты
- Жаңалықтар
- Әуежайларда айыппұл төлейтін терминалдар орнатылады
Әуежайларда айыппұл төлейтін терминалдар орнатылады
«Аталмыш клиентке бағдарланған сервис Бас прокуратураның бастамасынмен Әділет министрлігі, ҰҚК, «Қазпошта» АҚ және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесе жүзеге асып отыр.Бұған дейін шетелге ұшуды жоспарлаған қазақстандықтар өтелмеген айыппұлдарына байланысты рейстерінен қалдырылатын, ал осы сервис арқасында азаматтарда жеке сот орындаушыларымен байланыс жасамай, сол жерде айыппұл бойынша қарызын тексеріп, болған жағдайда оны төлеп және автоматты түрде ел шекарасынан шығуға рұқсат алу мүмкіндігі туды», - деп хабарлады Бас прокуратура.
Автоматты шекарадан шығуға шектеуді жою 2015 жылдың 1 маусымынан кейін қойылған шектеулерге ғана әрекет етеді. Көрсетілген мерзімге дейін шектеуді жою бұрыңғы тәртіп бойынша жүргізіледі (сот орындаушысына айыппұлдардың өтелгендігін растайтын құжаттар беру).
Терминалдар Әділет министрлігінің дерекқорына біріктірілген. Борыштың өтелгендігі туралы ақпарат осы ведомствоның дерекқорына 15 минут ішінде беріледі және ел шекарасынан шығуға шектеу 30 минут көлемінде алынып тасталады.
Сонымен қатар www.post.kz сайтында және мобильдік қосымша арқылы тәулік бойы борышты тексеру мен карточка арқылы төлеуге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жасалған.
Дәл осы сервис жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет пайдасына борыштарды (айыппұлдар, мемлекеттік баждар, өсімдер және т.б.) өндіруге мүмкіндік береді. Мерзімді төлемдер бойынша борыштарға (алименттер, зейнетақылар мен жәрдемақылар) терминал арқылы төлеу жүргізілмейді.
Терминал арқылы төленетін айыппұл көлемінің максималды сомасы 2 млн. теңгеге дейін. Терминал арқылы өтемдерге комиссия борыш сомасының 1%, бірақ әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес. Егер борыш көлемі 2 млн. теңге немесе одан жоғары болса, азамат Қазпоштаның кез келген бөлімдерінде төлем жүргізе алады.
Азаматтар ЖСН пайдалана отырып, борыштары мен пен уақытша ҚР шекарасынан шығуға шектеулер жөнінде ақпаратты Қазпошта терминалдары, сондай-ақ www.adilet.gov.kz сайтында және post.kz порталы арқылы тексере алады.
Жақын арада осындай терминалдар Ақтау мен Шымкент қалаларында іске қосылатынын атап өткен жөн.
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді -
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары -
Сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер ірі көлемде айыппұл төлейді -
Табиғатты ірі көлемдегі айыппұлдармен сақтап қалмақпыз - эколог -
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды -
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 адам қайтыс болды -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Табиғатқа залал келтіргендер жазаланады – Экология министрі -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Шымкентте 11 байланыс станциясы орнатылады -
Aвтокөлік саласында заңнама талаптарын бұзғандарға 1,6 млрд теңге айыппұл салынды -
Карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды -
Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін -
Қазақстандықтар несиесі қашан, қалай өтеледі?