- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы «Саламатты қалалар» халықаралық бағдарламасына қосылды
Алматы «Саламатты қалалар» халықаралық бағдарламасына қосылды
Тараптар медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сонымен қатар биылғы жылдың қазан айында оңтүстік астанада өтетін алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету жөніндегі Халықаралық конференцияға дайындық туралы әңгімеледі.
«Халықтар арасындағы урбанизацияға орай денсаулықты тұрақты дамыту барысында мегаполистердің рөлі артуда. Еуропада «Саламатты қалалар- Здоровые города» бағдарламасы 20 жылдан бері жүзеге асып, қоғамдық денсаулық сақтау мүддесінің тұғырнамасына айналған. Жалпы, бұл бағдарлама халықаралық мәртебеге ие және Алматының бұл жобаға Орта Азия мегаполистерінің ішінен алғашқы болып қосылғанына қуаныштымын. Бұл ел басшылығының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағидаларын қолдайтындығын көрсетеді», - деді Жужанна Якаб.
Қала әкімдігі хабарлағандай, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру шарасының енгізілуі медицналық қызмет көрсетудегі маңызды қадам деді ол.
«Осыдан 40 жыл бұрын Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудің Халықаралық Декларациясы қабылданған еді. Мен биылғы мерейлі конференциясының жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Конференция ең үздік сарапшылардың басын қосып, шынайы ғаламдық сипат алатын болады. Халықаралық конференцияны өткізу білім трансфертіне ғана емес, сонымен қатар қосымша экономикалық ынталандыру көзіне айналады», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры.
2015 жылы әлем бойынша бірінші рет Алматыда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының офисі ашылған еді. Осылайша, Қазақстан алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірінің орталығына айналды. Алматы офисі құрамына 54 ел енетін ДДСҰ Еуропалық өңірі жаһандық деңгейіндегі денсаулық сақтаудың бастауыш бөлігінде жетекші рөл атқарады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды