- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан тарихы оқулықтары жаңа электрондық нұсқада шығарылды
Қазақстан тарихы оқулықтары жаңа электрондық нұсқада шығарылды
«Барлық оқулықтарды, кітаптарды, еңбектерді электрондық нұсқаға бірден ауыстыру өте қиын, алайда, біз осы қадамды бірінші болып жасадық. Біздің ғалымдарымыз өзгерістер мен толықтырулар енгізілген базалық оқулықтар жобасын дайындады, бұл «Қазақстанның ежелгі заманнан тәуелсіздік кезеңіне дейінгі тарихы» және «Қазақстанның жаңа тарихы». Оқулықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде және аудио және видеокурстары мен хрестоматиясы бар мультимедиялық, интерактивті нұсқаларда электрондық форматқа көшірілді. Яғни электрондық нұсқаға жай ғана көшіріліп қойған жоқ, кітаптан кейбір сюжеттер де алынған. Әрине, Қазақстан тарихын тәуелсіздікке дейін толығымен осылайша көрсету мүмкін емес, алайда, біз қолымыздан келгеннің барлығын жасадық», - деп түсіндірді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев.
Сондай-ақ ол оқулықтар жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғанын атап өтті.
«Қазіргі Қазақстан тарихы авторларының жаңа көзқарасы мектепке емес, жоо бакалавриат студенттеріне арналған. Бұл оқулықтың ерекшелігі кітаптың жай ғана электрондық нұсқа емес, жекелеген сәттердің суреттермен жандануында, сондықтан мен бұл кітап сіздер үшін өте қызықты болады деген үміттемін», - деп түйіндеді А.Қашқымбаев.
Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау аясында «Ұлы дала қорғаушылары» жобасының кітабы мен электрондық нұсқасы таныстырылды. Туындыны әзірлеушілер Алтын Орда дәуірінен Қазақ хандығының бұзылуына дейінгі саяси қызметкерлердің портреттерін көрсете алған.
Сондай-ақ Көкшетаудың белгілі ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуовтың «Қазақ-орыс қарым-қатынастары тұрғысындағы Сібір хандығы», «Шоқан Уәлиханов» атты кітаптарының да тұсауы кесілді. Бұл туындылар «Киелі жерлер географиясы» жобасы шеңберінде орындалып, ғылыми айналымға даланың ұлы хандары Күшім, Шығай, Ораз-Мұхаммедтердің өмірі мен қызметі туралы жаңа идеялар мен ақпарат енгізеді.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»