- Басты
- Финляндия өзінің инновациялары туралы айтып берді (ВИДЕО)
Финляндия өзінің инновациялары туралы айтып берді (ВИДЕО)

- Финляндия әлемдегі ең тұрақты ел. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер?
- Бұл сұраққа жауап беру қиын, меніңше, бұл білім берумен, әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздік пен мүмкіндікке, демократияға байланысты. Сондай-ақ, Үкіметте жемқорлықты болдырмау тәртіптерінің бұзылмауы мен либералдық әдіс те рөл ойнайды.
- Финляндия мен Қазақстанның қарым-қатынасы қандай? ЭКСПО-да таныстырылған жобалар бар ма?
- Әрине, бізде жобалар баршылық, әсіресе бірге жұмыс істейтін компаниялар жетерлік. Үкіметтік деңгейде бізде министрлік мен жұмыс топтары Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынасты дамытып жатыр.
- Өз павильоныңыз туралы айтып өтсеңіз, фин елі ЭКСПО-ға қандай инновация жеткізді?
- Біз өзімізбен бірге Финляндияның құндылығын жеткізіп, еліміз туралы қызықты оқиғалармен бөліскіміз келді. Сіздер павильонға кіргенде бағытпен шектелмейсіз, қалаған бағытыңызды тандауыңызға болады. Таңдау еркіндігі бар. Бізде төрт тақырып таныстырылған: бірінші бөлікте «Таза энергия» саласы, екіншіде «Ақылды қалалар», үшіншіде «Таза су» және төртіншіде «Сапалы білім». Бұл төрт тақырып Қазақстан мен Финляндияның ынтымақтасу әлеуетіне ие.
- Финляндия бұл инновацияларға толығымен көшті ме? Жасыл экономикаға көшу көрсеткіші неше пайызды құрайды?
- Екі мәселе бар, мәселен, сіз суды кез келген құбырдан іше аласыз, бұл шалғайдағы автотұрақ та болуы мүмкін. Екінші мәселе – қалдықты өңдеу мен оны орналастыру. Тек 2-3 пайызы ғана орналасуға, 97-98 пайызы энергияға өңделеді.
- Қазақстан туралы пікіріңіз қандай? Қазақстан Финляндияның дәрежесіне жетуі үшін не істеуі керек деп ойлайсыз?
-Әрине, білім беру сапасын арттыру керек. Инфрақұрылымға инвестиция құю керек.Егер қарым-қатынас дұрыс болса экология мен қоршаған ортаның дамуы да тұрақты болады.
-Жалпы, Қазақстан туралы не ойлайсыз? ЭКСПО туралы айтып берсеңіз. Қандай павильондар ерекше есіңізде қалды?
- Мен өткен жылдан бастап әр сайын бұл елге келіп жүрмін. Алғаш рет мұнда екі жыл бұрын келдім. Адамдар қонақжай, өте мейірімді. Ауа райы экстремалды десек те болады, қыста қатты суық, жазда ыстық. Финдіктер үшін бұл аздап қиындау, алайда адамдардың мейірімділігі оны ақтап алады. Өзге павильондарды аралауға уақыт тапшы болды, келесі аптада оның орнын толтырамын деп ойлаймын.
- Көрме аяқталған соң, фин павильонының жағдай не болады?
- Павильон бойынша әлі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол Астанада қалуы да мүмкін. Оны жинап, өзге бір ауданға орналастыруға болады, әлі талқылап жатырмыз.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Қайрат Жандыбаев
-
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
АҚДМ есебі: БАҚ туралы жаңа Заң, пандемия кезіндегі ақпараттандыру жұмыстары
-
Облыс әкімдері Президентке есеп берді
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берді
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»

