- Басты
- Жаңалықтар
- С.Нийнистё: Қазақстан павильоны – ол ғарыш (ВИДЕО)
С.Нийнистё: Қазақстан павильоны – ол ғарыш (ВИДЕО)
«Мен Астанаға алғаш рет келіп отырған жоқпын, бұл менің үшінші сапарым. Мені Астана әрқашан таңғалдырады, ол жыл санап өсіп келеді. Біздің ЭКСПО-ны тамашалауға шағын ғана мүмкіндігіміз болды, негізі бәрін көру үшін бір айдай уақыт керек екен. Сонымен қатар, біз Финляндия Республикасының павильонын сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен аштық – бұл өте елеулі оқиға болды және де мен үшін үлкен құрмет», - деді С.Нийнистё.
Бұдан басқа, Финляндия басшысы өзі аралаған қазақ павильоны туралы пікірімен және алған әсерімен бөлісті.
«Мен Қазақстан павильонында болдым, бұл өте қызықты болды және де мен өзімді ғарышта жүргендей сезіндім. Сондай-ақ, бүгінде көрме аяқталғаннан кейін ЭКСПО инфрақұрылымын қалай пайдалану ойластырылып қойған екен, шынымды айтсам бұл өте дұрыс», - деп атап өтті С.Нийнистё.
Сонымен қатар, Финляндия Президенті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қандай мәселелерді талқылағаны туралы айтып берді.
«Біз Президент Назарбаев екеуміз түрлі мәселелерді талқыладық, Назарбаев мырзаның әлемде үлкен маңызды мәселелерде ерекше роль атқаратын болғандықтан халықаралықмәселлерді көптеп қозғадық. Өкінішке орай бұл мәселелер өте қиын, мысалы Сирия, біз Астана процесін Таяу Шығыстағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деген үміттеміз. Біз де атсалысып жатырмыз және де өзіміздің украиналық проблемаларымыз бойныша нәтижеге қол жеткізсек дейміз. Осы мәселе бізді біріктіреді. Маңыздысы сол, украиналық дағдарыс шешімін тапты», - деп түйді Финляндия Президенті
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті мен Финляндия Рспубликасының Президенті Финляндия павилонында болды.
Қайрат Жандыбаев
Фото Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері