Д.Абаев журналистердің баспана мәселесін шешуге жәрдемдесетінін айтты

21 Маусым, 2017 14:02
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев халықпен есептік кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің баспанаға қатысты мәселесін ведомство шешетіндігін айтты.

«Біз журналистерге баспана мәселесін шешуге жәрдемдесеміз. Осы орайда бір мәселені түсіну керек: журналистер бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне жатпайды. Мәселен, журналист өзге  жеке меншік сайт пен газетте жұмыс істеп жоғары  жалақы ала алады. Бұл тұрғыда бірдеңе өзгерту қиындау. Алайда, біз жүйелі жұмыс жүргізіп отырмыз», - деді Д.Абаев.

Ол айтып өткендей, министрлік  бұқаралық ақпарат құралдарына көмекті екінші дәрежелі банктердің  қатысуынсыз  жүзеге асыруды қарастырады.

«Көмек көрсетудің өзге  жолдары туралы айту қиын. Себебі, БАҚ-тың  90 пайызы жеке меншік болып есептеледі. Сол себепті олар мемлекет тарапынан көмек ала алмайды.  Мемлекет тарапынан біз тек мемлекеттік  тапсырыс  арқылы ғана жәрдемдесе аламыз», - деді министр.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар