- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ «Байқоңыр» күн электр станциясының құрылысына қолдау көрсетпек
ЕҚДБ «Байқоңыр» күн электр станциясының құрылысына қолдау көрсетпек
Қуаттылығы 50 МВт Байқоңыр КЭС-і Қызылорда облысында орналасады. Ол өндіретін таза энергия жақын маңайдағы жоғары вольтты электр тарату желілері бойынша Қызылорда қаласын қоса алғанда, КЭС маңайындағы тұтынушыларға жіберілетін болады.
Бұдан бөлек, ЕҚДБ және Қазақстан Үкіметі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, ол елімізде ЕҚДБ тиісті арнайы бағдарламасы шеңберінде инвесторлар үшін жаңартылатын энергия нарығын ашады.
Осы Меморандумда көрсетілген келісімдер өз алдына «жасыл» экономика мен таза энергия салаларында жоғары мақсаттар қоятын елде жаңартылатын энергетиканың жаңадан пайда болған секторын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Банк оған 28 млн долларға дейінгі көлемде қаржыландыру бөлетін жаңа КЭС-ті Ұлыбританияда тіркелген «Юнайтед Грин Энерджи Лтд» жеке инвестициялық компаниясы мен Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қорының бөлімшесі болып табылатын «Самұрық Қазына Инвест» компаниясының бірлескен кәсіпорны «Самұрық Қазына Юнайтед Грин Энерджи Лтд» салатын болады.
Қазақстанда ЕҚДБ-нің көлемі 200 млн еуро болатын жаңартылатын энергетиканы қаржыландыру кешенді бағдарламасы қолданылады. «Байқоңыр» КЭС құрылысының болашақ жобасын қаржыландыру Өзара түсіністік туралы жаңа меморандумда айтылған жаңартылатын энергетика саласындағы өзге де жобалар сияқты осы бағдарлама аясында жүзеге асырылады.
«Бүгінгі қол қою – осы елде жаңартылатын энергетиканың дамуының тағы бір растамасы. ЕҚДБ ең ірі қаржыландыру көзі және жаңартылатын энергетика саласындағы реформаларды белсенді қолдаушы ретінде мемлекетпен және инвесторлармен осы сектордағы бизнес-климатты одан әрі жақсарту бойынша жұмыс істеуге дайын», - деді ЕҚДБ директоры Агрис Прейманис.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады