• Басты
  • Жаңалықтар
  • Дәурен Абаев Астана әуежайына Елбасының есімі берілуіне қатысты өз пікірін білдірді

Дәурен Абаев Астана әуежайына Елбасының есімі берілуіне қатысты өз пікірін білдірді

21 Маусым, 2017 13:09
Астана әуежайына Елбасының есімі берілуіне қатысты өз пікірін Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев халық алдындағы есеп беру шарасында журналистерге жеткізді.

«Бұл тақырып  5-6 жыл көлемінде талқыланып келді. Мен қолдаймын. Елбасының  мемлекеттің қалыптасуы мен Қазақстанның көлік  жүйесіндегі еңбегіне баға беру өте қиын. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы  да бар, Қарағандыға  барғанның өзінде қанша қаржы бөлініп,  ауқымды жұмыстың атқарылғанына көз жеткізуге болады. Бұл  үрдіс енді басталып келеді.  Біз  Қорғас немесе Батыс Еуропа – Батыс Қытай бойынша жұмыс жүргізудеміз.Бұл жобалар  халықтың есінде қалады. Заманауи әуежай – мемлекетіміздің  бейнесі, ұшып келген адамдар     бұл әуежайды  Назарбаевтың есімімен байланыстыруы керек», - деді министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев  Елбасының өзі бұл мәселеге қалай қарайтындығына қатысты өз ойын жеткізді.

«Меніңше, бұл жолы Елбасы түсінушілікпен қарап, қолдайды. Жоғарыда айтқанымдай, бұл өте маңызды. Жалпы, біз барлығымыз Н.Назарбаев нысандарға оның есімінің берілуіне қарсы», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.  Аталмыш Қаулы «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар