- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда экстремалды журналистика бойынша практикалық семинар өтеді
Қазақстанда экстремалды журналистика бойынша практикалық семинар өтеді
«Экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырғанбесінші семинары Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында өтеді», - делінген хабарламада.
«Әскери дискурс» практикалық семинары қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыс аймағы мен экстремалды жағдайларда қазақстандық журналистерді жұмыс жасауға, сондай-ақ лаңкестік актілерді жариялауға оқытып-үйрету үшін ұйымдастырылды. Үш күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары теория және іс жүзінде журналистерді әскери іс-қимылдар ошағында, экстремалды жағдайларда жұмыс жасауға және бұл ретте сапалы ақпараттық материалды қалай дайындау керек екендігі туралы үйретеді.
Бұл жолы семинарда қалалық жағдайларда, жаппай іс-шаралар мен акцияларда жауынгерлік іс-қимылдар барысында журналистердің практикалық іс-қимылдары пысықталатын болады. Мұндай кездесулер өте пайдалы. Өйткені, ақпараттық салада ден қоюдың дұрыс тетігін пысықтау үшін айналада болып жатқан оқиғаларды жете түсінуге және талдауға мүмкіндік береді.
«Әскери дискурс» практикалық семинары БАҚ өкілдерінің белгілі бір арнайы білім алуы, ақпаратты жинау мен талдау бойынша машықтануы, сондай-ақ жоғары қауіп аймақтарында жұмыс жасау кезінде туындайтын қауіп-қатерлерді барынша азайту шеберлігін ұштау мақсатында өткізілетін журналистика бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша