ШҚО-да «Серпін» бағдарламасының алғашқы түлектері оқу бітірді

21 Маусым, 2017 11:34
Риддер қаласында «Серпін» бағдарламасының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында алғашқы болып 22 студент оқу орнын тәмамдады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы Риддер аграрлы-техникалық колледждін 22 серпіндік студент аяқтап, 2 түлек оқуын ЖОО-да жалғастыруды көздесе, 20 студент Риддерде қалып, жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

Оның ішінде «Казцинк» ЖШС іс-тәжірибеден өткен 7 студент қазіргі таңда 2023 жылға дейін кәсіпорынмен еңбек шартына отырып үлгерген. Қалған «серпіндіктер» де жұмыссыз қалмақ емес. Қала басшылығы кәсіпорындармен келісіп, жұмыспен қамтамасыз етпек.

Айта кетсек, «Серпін» бағдарламасы аясында Риддерде білім алып, оқуын тәмамдаған студенттердің бұл алғашқы легі. 3 жыл бойы оқыған студенттер бірден 2 мамандық дипломына ие болады.

 

Барлық жаңалықтар