- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» комиссиясы 83 жобаны мақұлдаған
Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» комиссиясы 83 жобаны мақұлдаған
«Атамекен» ҰКП хабарлағандай, жобалардың 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығы бағытына жатады. Сондай-ақ жобалардың арасында МЖӘ аясында балабақша құрылысы, бөдене өсіру, монша мен фотосалонды кеңейту, ағаштан ұлттық стильдегі үй заттары мен ойыншықтар дайындау шеберханасын ашу бар.
Өңірде «Bastau Бизнес» жобасы Темір, Мұғалжар, Ырғыз, Мәртөк, Ойыл және Шалқар аудандарында іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жоба бойынша бір жыл ішінде 1125 адамды оқыту жоспарланып отыр. Сәуір-қараша аралығындағы кезеңде «Bastau Бизнес» бойынша оқытудың 6 ағымы өтпек. Бірінші ағымға қатысушылардың саны 285 адамды құрады, қатысушылардың қорытынды саны 196 адам. Оқыту нәтижелері бойынша 160 түлек өздерінің бизнес-жоспарларын дайындап, облыстық комиссия алдында қорғауға шығарған.
«Bastau Бизнес» курстарының екінші ағымында 156 адам оқыған.
«Bastau Бизнес» кәсіпкерлік дағдыларына оқыту жобасының мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы