- Басты
- Фин павильоны таза энергиямен таныстырды
Фин павильоны таза энергиямен таныстырды

Мұнда технологиялар мен табиғат өзара байланысты және бір-бірімен үйлесетін жаңартылатын энергия көздері туралы білуге болады. Көрменің өзі Финляндияның проблемаларды шешу мен болашақ құрылыстың кешенді тәсілі жайында.
Көрмеге келушілерді заманауи фин жасыл энергиясымен, инновациялармен, бизнеспен және қоғам игілігі үшін көрсетілетін қызметтермен танысу күтеді.
Павильон жоғары технологиялық, табиғи құрылыс материалы – ағаштан салынған. Ол жеке-жеке орналасқан төрт құрылымнан тұрады: Таза энергия, Ақылды қала, Таза су және Жақсы білім. Білім – Фин павильонының негізгі бөлігі және бұл фин қоғамының табыс кілті.
Павильонды жарықтандыру төрт үй-жайдың әрқайсысында бар жылы реңкпен үйлесімде белгілі суық, скандинавиялық төмен жарық қарқыны көрінетіндей етіп жобаланған.
Павильондағы дыбыс дәстүрлі вокалдық және аспаптық орындаушылар мен табиғат дыбыстары цифрлық басқарылатын жазбалардан құрастырылған.
«Таза энергия» үй-жайы
Бұл үй-жайда экологиялық талаптар ескеріле отыра, ғимараттар құрылысы мен тұрақты энергия өндірісі туралы айтылады. Фин энергетикалық секторының көшбасшылары энергия өндірісіндегі бүгінгі проблемалар мен сын-тегеуріндерді талқылайды.
Тұрақты энергетика көрсетілімі Penguin толқындық энергетикалық қондырғысы, Oilon фирмасының биогаз пеші және Tespak фирмасының мобильді жаңартылатын энергия көздеріне арналған күн энергиясында жұмыс істейтін автономды портативті зарядтау құрылғысы қамтылады.
Ағаш құрылым бөлшектері – табиғи мүктен жасалған қабырға мен мүсін экоғимарат мысалдарына жатады. Мүк, бұғы мүгі – сыртқы және ішкі әрлеу үшін әр түрлі тәсілдермен қолданылатын кәдімгі табиғи материал.
«Ақылды қала» үй-жайы (Smart City)
Экспонаттар қатты қалдықтардан отын өндіріп, оны пайдалы бизнеске айналдыратын технологиялар. Жобаларды жылдамдатып, қаржы тәуекелін барынша азайтатын күрделі сенсорлық технологиялар бар. Қалалар мен өнеркәсіптің жылыту және салқындату жүйелерін оңтайландыруға көмектесетін қақпақтарға арналған тиімді шешімдер бар. Бір мезгілде қалалық мүсін де, қала инфрақұрылымы да болып табылатын күшті электромачтар бар. Сондай-ақ, энергия мен материал шексіз айналымда болатын ақылды қаланың цифрлық моделі бар.
«Таза су» үй-жайы
Финляндияда барлығы таза сумен қамтамасыз етілген. Технологияларға қосымша таза сумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін заңнамалық және мәдени шешімдер әзірленген.
Су тазарту технологиялары энергияны өндіру және тұтыну мәселесімен тығыз байланысты. Қала тұрғындары мен өнеркәсіптік мұқтаждықтар үшін суды көп мақсатты пайдалану энергияның тұтынылуына едәуір әсер етеді.
«Жақсы білім» үй-жайы
Білім секторы заманауи қоғамды дамытуда білімге деген біртұтас тәсілдің маңыздылығын көрсетеді. Білімнің жоғары сапасы ерте балалық шақ пен жоғары және кәсіптік білімнен бастап корпоративтік оқуға дейін өмірдің барлық кезеңдерінде және баршаға қолжетімді.
Финляндияда оқудың жақсы нәтижелері ғылыми педагогикаға және оқытудың инновациялық тәсіліне, сондай-ақ кәсіптік тәуелсіз, жоғары білікті және даярланған оқытушыларға негізделген. Педагогика әдістері үнемі даму үстінде.
Қайрат Жандыбаев
-
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
-
С.Нұртаза: Қазақстан көп мемлекетпен салыстырғанда ерте қамданды
-
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
-
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
-
Елбасы Түркістанда БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті

