• Басты
  • Грузиядан ЭКСПО-ға велосипедпен (ЭКСКЛЮЗИВ)
20 Маусым, 2017 20:35

Грузиядан ЭКСПО-ға велосипедпен (ЭКСКЛЮЗИВ)

Велосаяхатшы Нодар Беридзе Астанаға келді. Ол «Әлем жолы» - 30 ел, 50 000 км, 850 күн» веложүгірісінің негізгі қатысушысы және ұйымдастырушысы.
Грузиядан ЭКСПО-ға велосипедпен (ЭКСКЛЮЗИВ)

«Мен өткен жылдың қазан айынан бері Владивостоктан келе жатырмын, ар күні Мәскеу арқылы Омбыға барамын. Ресей арқылы Лиссабонға жетемін. Алдағы жылдың 26  мамыр күні Грузияның астанасы Тбилиси қаласының 100 жылдығына дөп түсемін. Менің жолым, бағытым бейбітшілік пен толеранттылықты насихаттау, бұл басты миссия. Міндетім – велосипед арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Мен «Күт мені»  бағдарлмасының  10 елдегі көмекшісімін, оның ішінде Қазақстан да  бар», - деді Н.Беридзе.

Велосаяхатшы оның жоспарында Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келу  болғандығын жеткізді.

«Мен ЭКСПО-ның ашылуына келуді қаладым, алайда оны дәл есептеу мүмкін емес. Ақырын жүріп, анық басып, сібірдің – 38 аясын бастан кешіріп, ақыры міне жеттік. 10 маусымға дейін Астанаға жете алмайтынымды түсініп, Өскемен арқылы кеттім, ол жақта Павлодар, Екібастұз, Қарағандыны аралап, бүгін Астанаға келдім», - деді ол.

Грузиядан келген мейман Қазақстанның ең үлкен жетістігі  ұлтаралық келісім екенін атап өтіп, барша адамға спортпен айналысуды ұсынды.

«Қазақстан арқылы жүріп өткен жолым бойынша айта алатыным, ол  - тұрақты әлем. Әрине, қазір барша әлем бойынша саяси тұрақсыздық белең алуда, бірақ ең оңайы соғыс ашу. Сіздердің елдеріңіз қауіпсіз әрі өте жайлы. Саяхатым аяқталған соң мен сараптау жасаймын. Қазақстан – ең әсем жерлердің бірі, адамдары да көркем. Мен өте  сирек мақтаймын. ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік деңгейдегі шара, тарихта қалатыны да сөзсіз. ЭКСПО – сіздер үшін жаңа мүмкіндіктер, жаңа шекара. Егер Грузияда осындай әлемдік шара өтсе, бақытты болар едім. Барлық адам балаларын спортқа баулығандары абзал. Біздің ұран – «спорт әлем үшін»», - деді ол.

Сондай-ақ, ол  «Әлем жол» жобасына кез келген адам қатыса алатындығын айтты. Әрбір адам өз жолын жүріп өткен абзал, себебі көзқарас, құндылық пен қарым-қатынас өзгереді.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар