- Басты
- Нобель лауреаттары баламалы энергия көздерінің маңыздылығы туралы айтып берді (ФОТО)
Нобель лауреаттары баламалы энергия көздерінің маңыздылығы туралы айтып берді (ФОТО)

Ғалым Ражендра Кумар Пачаури (Үндістан) ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу әлемдік қауымдастық үшін маңызды шара болып табылады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбының мәйегі баламалы энергия көздерін қолдану арқылы қатты жанармайды қолдануды азайтуға бағытталған. Осы орайда Елбасыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевқа таза энергияны өндіруге мүмкіндік сыйлағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан тарихындағы маңызды сәт, ЭКСПО көрмесі барлығының жадында сақталады», - деді ол.
Өз кезегінде инженер-ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг (Корея) тұрақты дамудың тәжірибелік әдістері бойынша ұстанымы айқын, оның арқасында ЭСКАТО 2005 жылдан бастап жасыл өсім Стратегиясының тұжырымдамасы ілгерілендірудің үздігі атанды.
«Инженерлердің дүниежүзілік конгресі төмен көмірсутек бойынша біздің болашақтағы көзқарасымыз шынайылыққа айналатын алаң. Қазір біз аз байытылған көмірсутек дәуіріне көшіп жатырмыз. Сондықтан, болашақтың тұрақты экономикасын анықтаған жөн. Біз бүгін таңдайтын шешім экономикалық тұрақтылық пен экономикалық даму үшін өте маңызды», - деді ол.
Риккардо Валентин (Италия) Қазақстанға келді, ол барша әлемдегі адамзат кедейлік мәселесін дұрыс шешім бойынша жүзеге асыруы керектігін айтады.
«Бүгінгі таңда кедейлік мәселесі өте көп: су, ас тапшылығы бар. Энергетика мәселесін түсінуіміз керек, осы проблемалардың тиімді шешілуін қарастыруымыз керек. Бізге оны жүзеге асыруға көмектесетін әдістер мен модельдер бар. Ғалым ретінде айтатын болсам, аштық пен су тапшылығы мәселелерін шешуге болады. Бұл орайда инженер-ғалымдар басты рөлді ойнайды. Қазір жылдам өзгеру кезеңі. Мобильді технология мен әлеуметтік медиа жасаған өзгертулер талқыланбайды. Мен заманауи әлемде не болып жатқанын түсінемін. Олар әлемді өзгерте алады. Сондықтан да, жас ұрпақ болашақты жақсы жаққа өзгертуі керек», - деді ғалым.
Ғалымдар айып өткендей, бүгінгі таңда баламалы энергия көздері болашақ энергиясының ажырамас бөлігі болып отыр. Кездесу барысында талқыланған мәселелер БЭК саласындағы энергетикалық жаңашылдықтар мен технологияларға қатысты болды.
Ақбота Күзекбай
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
АҚДМ есебі: БАҚ туралы жаңа Заң, пандемия кезіндегі ақпараттандыру жұмыстары
-
Облыс әкімдері Президентке есеп берді
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берді
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

