- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада оқушыларды пайдалы тамақтандыру мәселелері талқыланды
Астанада оқушыларды пайдалы тамақтандыру мәселелері талқыланды
«Шара барысында қатысушылар елімізде мектеп тамағын ұйымдастырудың бірыңғай стандарты, рұқсат етілген азық-түліктер мен жеткізушілердің бірыңғай тізбесі мен тізімі, сондай-ақ тамақ өнімдеріне химиялық-технологиялық бақылаудың жоқтығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Сөз алған білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев министрлік республикадағы 92 мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Тексерулердің нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталған.
«Мысалға, кейбір мектептер сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ азық-түліктер сатып алған. Сондай-ақ, асханалардың материалдық-техникалық базасы төмен, оқушыларды ауыз сумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мен мектеп кәріз жүйесінің жоқтығы анықталды», – деді Есенғазы Иманғалиев.
Шараға қатысқан «Балалар мен оқушылардың пайдалы тамақтану саясатын енгізу және қадағалау» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Баелев, оқушылар арасында пайдалы әрі нәрлі тамақтануды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Әсел Жүнісова мектеп тамағы саласында қызметті сапасыз атқару фактілері туралы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарлау қажеттігін атап айтты.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері