- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесінің қытайлық павильонында Цзянсу провинциясы таныстырылмақ
ЭКСПО-2017 көрмесінің қытайлық павильонында Цзянсу провинциясы таныстырылмақ
Форум жұмысына 250 делегат қатысты. Соның ішінде провинцияның іскерлік және саяси элитасынан 80 қатысушы: Цзянсу вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин, ең ірі энергетикалық және агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханхуэя қатысты.
Форум Қытайлық компаниялармен тиімді жұмысты реттеуге арналған іскерлік алаң болып табылады. Оның аясында қатысушылар Қазақстан-Қытай саудасының экспорты мен импорты көшбасшыларының стратегиялары туралы біліп, жаңа технологиялармен танысты.
«Цзянсу провинциясы Қытай экономикасында маңызды рөл атқарады. Себебі Цзянсу Аспан асты елінің барлық 23 провинциясы арасында ЖІӨ деңгейі бойынша 2-ші орын алады. Сондықтан біздің Инвестициялық агенттігіміз Астана қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының белсенді жәрдемдесуімен екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамыту аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде Цзянсу аптасына баса назар аударады», - деді «Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің» бас директоры және форумды ұйымдастырушы Айдын Байедилов.
Цзянсу вице-губернаторы Чэнь Чжэньнин ЭКСПО-2017 көрмесі Қытайдың «Бір белдеу – Бір жол» стратегиясы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының идеяларын дамыту үшін жақсы тұғырнама болып табылатынын айтты.
Сондай-ақ іс-шарада Қытайдың ежелгі театр өнерінің әртістері өнер көрсетті. «Цзянсу — өнімдер энергиясы» арнайы көрмесінің таныстырылымы ұйымдастырылды, енді оны Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық ниет білдіруші қонақтары көре алады.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің баспасөз қызметі
-
Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді -
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды -
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр – Чжан Сяо -
Қытай елшісі: Отаршылдық туралы ой қытайлықтардың генінде жоқ -
«Eurasian Book Fair–2019»: Халықаралық кітап көрмесінің артықшылығы -
Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті -
Елбасы Рәпіл Жошыбаевты ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары қызметінен босатты -
Қытайлық инвесторлар Сырдарияның оң жағалауында тұрғын үйлер салады -
В. Лоссерталес: ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі ҚР Президентінің жеке қолдауының нәтижесінде жүзеге асты -
Ақмола облысы қытайлық компанияларға аймақ экономикасын инвестициялауды ұсынды -
Қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға мүдделі -
Қостанайда ЭКСПО-2017 көрмесінің қандай жобалары енгізіледі -
Қарағандылық жоо ЭКСПО-2017 көрмесінің 105 жобасын іріктеп алды -
Атырау облысы ЭКСПО-2017 көрмесінің 5 технологиясын іске асырады -
Павлодар облысына Қытайдың Шаньси провинциясынан алғашқы тікелей пойыз келді