- Басты
- Жаңалықтар
- 2021 жылы агроөндірістік кешеннің экспорт көлемі 35 пайызды құрайды (ФОТО)
2021 жылы агроөндірістік кешеннің экспорт көлемі 35 пайызды құрайды (ФОТО)
Оның айтуынша, облыста инвестиция соммасы 18,5 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін «АK Kazyna» ЖШС-нің жобасын іске асыру жұмыстары басталған.
«Ал, «Ордабасы-Құс» ЖШС-гі күрке тауық етін өндіру өңдеу өндірістік қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға жеткізу бойынша келісімге қол қойған. Мұнан бөлек, Шардара ауданында балық өнімдерін қайта өңдейтін екі зауытты іске асыру жұмыстары жүргізілсе, инвестиция соммасы 7,8 млрд. тг. құрайтын түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт салу жұмыстары басталған», - деді ол.
Сондай-ақ, Қытай инвесторларымен инвестиция соммасы 21,6 млрд. тг. құрайтын томат зауытын салу жобасы келісілсе, 1 мың га аумаққа қарқынды жаңғақ бауын отырғызу жобасын жүзеге асыру инвесторлар тарапынан келісімін тапты. Аталған жоба бойынша жерді таңдап, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, бірнеше инвесторлардың қатысуымен инвестиция соммасы 51,2 млрд. тг. құрайтын 136 га аумақта Шымкент қ. өндірістік жылыжайлар салу жобасын («Тепличный рай») жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, Қазығұрт ауданында «Асыл бастау» ЖШС инвестиция соммасы 603 млн. тг. құрайтын құрғақ сүт және сары май шығару зауыты салынуда.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына аса басымдылық беріп, жылдан-жылға сала қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 480,4 млрд.тг, нақты көлем индексі 105 % құрады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды