Н.Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды

20 Маусым, 2017 15:28
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Елбасы  дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтамақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар