Ақтөбе облысында бөлшек сауда көлемі артты

20 Маусым, 2017 16:32
Ақтөбе облысында бөлшек сауда көлемі артты, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.

2017 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 174954,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8% өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 259608,6 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 16,4% өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-сәуірде облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 376423 мың АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 66,5% көбейді, оның ішінде экспорт – 175495,2 мың АҚШ долларын құрады (60,9% көбейді), импорт – 200927,8 мың АҚШ долларын құрады (71,7% көбейді).

2017 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 586724 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,9% артты. Өңдеу өнеркәсібі – 13,2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 4,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 3,4%, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,2% артты.

2017 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 104957,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 25%-ға көп.

 

Барлық жаңалықтар