- Басты
- Жаңалықтар
- Бақыршақ кәсіпорны ШҚО-ның әлеуметтік саласына 1,74 млрд теңге инвестициялады (ФОТО)
Бақыршақ кәсіпорны ШҚО-ның әлеуметтік саласына 1,74 млрд теңге инвестициялады (ФОТО)

Аталмыш кәсіпорын Әуезов кентінің тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, мектеп, аурухана жөндеуіне қаржы бөліп келеді.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында тау-кен өндіруші кәсіпорын ауылды аймақтардың әлеуметтік дамуына үлес қосуда.

Соңғы үш жылда жарма ауданының Әуезов, Шалабай ауылдарынның дамуына 1, 74 млрд теңге қаржы берілді. Біздің кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, әлі де қолдау көрсете бермек.

Кәсіпорын осыған дейін облыс, республика бюджетіне және бюджеттік емес қорларға 1,2 млрд теңге салық төлеген.
Айта кетсек, Бақыршық кен орнында қызмет атқаратын қызметкерлердің 40%-ы Әуезов кентінің тұрғындары. Өткен жылы аталмыш кәсіпорын ауылда 240 млн теңгеге 180 балаға арналған «Аққу» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізді. 20 жыл бойы бос тұрған мекемені жөндеп, техникамен жабдықтағаннан кейін, балабақша өз жұмысын бастап, 40 адам жұмыспен қамтылды.

«Полиметалл» компаниясының арқасында бірнеше жыл бойы қаңырап бос тұрған балабақшаның мекемесі жөндеуден өтіп, іске қосылды. Қазір бұл жерде баланың өй-өрісін дамытуға арналған барлық жабдықтар бар.
Сондай-ақ, меморандум аясында ауылдағы емхана, мектеп және еркін күреске арналған спорт зал күрделі жөндеуден өтті.
Жыл сайын «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мектеп түлектеріне 4 грант бөліп, қазірде Қазақстанның бірқатар университеттерінде 23 студент білім алуда. Алдағы уақытта кәсіпорын студенттерді толықтай жұмыспен қамтуға әзір.
Биылғы жылдың ақпан айында кәсіпорын басшылығы Жарма ауданының әкімдігімен меморандумға қол қойып, ауданның дамуына 30 млн теңге қаржы бөлсе, облыс әкімдігімен келісімшарт аясында аймақтағы инфрақұрылымның дамуына 750 млн теңге қаржы бөліп отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі