- Басты
- Жаңалықтар
- «Серпін» бағдарламасының түлектері еліміздің кәсіпорындарында жұмыс істейді
«Серпін» бағдарламасының түлектері еліміздің кәсіпорындарында жұмыс істейді
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жобаға қатысуға ниет білдірген 22 жастарын (6 қыз бен 16 жігіт) алғашқылардың бірі болып Риддер аграрлы-техникалық колледжі қарсы алды. Олар түсті металлдар металлургиясы мамандығы бойынша оқуға қабылданды.
Айта кетейік, колледж түлектері оқуларын аяқтап отыр. Олардың 7-і жергілікті металлургиялық кешен мен кен байыту фабрикасына қабылданып, екеуі оқуларын ЖОО-да жалғастырмақ. Әкімшіліктің жоспары бойынша, қалған түлектердің жұмысқа орналасулары мен тұрғын үй жалдауға субсидия бөлу мәселелері биылғы жылдың соңына дейін шешілмек.
Бағдарлама аясында оқитын жастарға арнап, оқу құралдары мемлекеттік тілге аударылды. Өндірістік практиканы өту барысында әрбір студенттің жеке тәлімгері болғандықтан, жастар жұмыс орнын таңдауда қиыншылық көрген жоқ.
«Серпін» аясында оқыған туденттер жергілікті жағдайда қажетті жылы киіммен, тегін тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етілді.«Серпін-2050» жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.2014-2016 жылдары осы жоба бойынша 12462 білім гранты бөлінді, оның ішінде 9212 орын жоғары оқу орындарына және 3250 орын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінді.
Бүгінгі күні жоба шеңберінде 8 өңірдің (Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы) 54 колледжінде 2847 адам білім алуда.
Пилоттық режимде іске асырылған жоба үш жылда жастарды миграциялық процестерге тартудың тиімді әлеуметтік құралына айналды. Бұл ретте жобаға қатысушылардың басым бөлігі аз қамтылған отбасылардан шыққандар екенін айта кету қажет. Осылайша, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының мектеп түлектері орталық және солтүстік өңірлерде білім алуда.
Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемін арттыру көзделіп отырғанын хабарлаймыз.
«Серпін-2050» бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадрлар тапшылығы бар солтүстік және шығыс аймақтарда оқытып, жұмысқа орналастыру. «Серпін – 2050» жобасының гранттарын бүгінгі күні 12000 адам алды. Жоба қатысушыларына стипендия төленіп, жатақхана және жұмыс орындары беріледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде