- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин мен Корей Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін атап өтті
Н.Нығматулин мен Корей Елшісі ЭКСПО-2017 өзектілігін атап өтті
Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың өзекті және парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Мәжіліс Спикері Кореяның – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық маңызды серіктестерінің бірі екендігін және екі мемлекеттің қарым-қатынасындағы өзара саяси белсенділікті атап өтті.
Н.Нығматулиннің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың қарашасындағы Сеулге сапары жаңа стратегиялық серіктестіктің келешегіне жол ашты. Өз кезегінде кореялық дипломат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өркендеуіндегі сарабдал саясатын атап өтіп, корей диаспорасына деген ықыласына алғысын білдірді.
Ол Астанада өтіп жатқан ЭКСПО- 2017 маңызына, Оңтүстік Кореяның инновациялық мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, өндіріс саласына, электрэнергиясын сақтау мен пайдалану, «жасыл энергетика» мен энергия көздерін жаңғырту мәселелеріне тоқталды.
Дэсик Ким корей Үкіметінің Астанадағы халықаралық көрмеге қызығушылығы жайын айтып, оның табысты өтетініне сенім білдірді. Әңгіме барысында ядролық қарусыздану мен оны таратпауға да назар аударылды.
Спикер мен Елші жүздесуде екі ел парламентаралық байланыстарын нығайту, Азия парламентаралық Ассамблеясы және Парламентаралық Одақ шеңберіндегі байланыстардың тиімділігін тілге тиек етті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді