- Басты
- Жаңалықтар
- Веб-портал сатып алулар жүйесін толығымен автоматтандырды – Б.Сұлтанов
Веб-портал сатып алулар жүйесін толығымен автоматтандырды – Б.Сұлтанов
ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов бір жарым жыл бұрын іске қосылған мемлекеттік сатып алулардың веб-порталының платформасы сатып алулар жүйесін толығымен автоматтандырып, қатысушыларды веб-портал арқылы онлайн режимде электронды камералық бақылауға мүмкіндік бергенін айтып өтті. Жалпы, қабылданған шаралар бір конкурстағы қатысушылардың орташа санын 4 есеге ұлғайтты.
«Жүйені одан әрі жетілдіру мақсатымен, формалды себептер бойынша ауытқуларға жол бермеу үшін, сатып алуларға қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Оң тәжірибе (бедел) мен салық жүктемесінің коэффициентіне баса назар аударылады. Сонымен қатар, алдын ала біліктілікті іріктеу институты кеңінен қолданылатын болады», - деді министр.
Қаржы министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп отандық өндірушілерге қолдау көрсету шараларын әзірлеген, солардың ішінде Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізімдемесі ұлғайтылды; ұсақ сатып алуларды бір үлкен лотқа біріктіру жоспарда бар.
ҚР қаржы министрі Б. Сұлтановтың мәліметі бойынша, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр. ҚР Қаржы министрлігінде квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне бірыңғай сатып алулар ережесін бекіту бойынша уәкілетті органдарды анықтау жоспарланған, солардың ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» ұлттық холдингтері бар. Ұлттық компаниялардың сатып алулары үшін жеке ережелер әзірленеді, олар мемлекеттік сатып алуларға қарағанда барынша икемді болады.
Фото:Шыңғыс Қаппаров
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі