- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық жүк тасымалдаушысы көмір тасымалдау көлемін арттыруға дайын
Ұлттық жүк тасымалдаушысы көмір тасымалдау көлемін арттыруға дайын
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдаушының бастамашылығымен жүк жөнелтушілер, экспедиторлар, энергетикалық сектордың өкілдерімен алдағы жылу беру маусымын көмірмен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Кулаковтың айтуынша, жартылай вагондарға сұраныстың күшейетін тұсы - қыркүйек пен желтоқсан айларына, яғни салқын түскенде келеді. Тәжірибе көрсеткендей, жылдық тасымал көлемінің 60%-ы (55 млн тонн) қаңтар мен тамыз аралығында жеткізіледі. Қалған 40% (35 млн.тонн)3-4 тоқсаннның үлесіне кіреді.
«2016 жылғы 4 тоқсанда ұлттық тасымалдаушы паркінің күшімен көмірдің 57,3% тасымалданды. Биылғы жылдың бес айында жалпы қатты отынның 41,6% осы компания күшімен игерілді», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Кулаков.
Кеңес отырысында айтылып кеткендей, вагондардың кірме жолдардағы және айналымын барынша оңтайландырудың кешенді шараларын бірлесіп атқару керектігі күн тәртібінде тұр.
«Бұл өз кезегінде тасымалдаудың барлық қатысушыларына тиісті. Оның ішінде жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар бірлесе жұмысты жүйелі жүргізуі керек . Сол арқылы жартылай вагондардың жетіспеушілігін болдырмау үшін жыл бойына көмір тасымалдау кестесін түзудің маңызы зор»,-дейді О. Кулаков.
2017-2018 жылу беру маусымы қарсаңында вагондардың меншік иелерінің теміржолмен көмір тасымалдауына бірдей жағдай жасау үшін баламалы негізде электрондық сауда алаңын ұйымдастыру қажеттігі байқалады.
«Жүк жөнелтуші онлайн –режімінде Компанияға жылжымалы құрамды олар ұсынған мөлшерлеме көңілдеріне қонса, тапсырыс бере алады»,-деп түсіндірді О. Кулаков.
Қазірдің өзінде Ұлттық тасымалдаушы компания тұтынушыларға көмірді тиеу үшін вагондарды бірқалыпты үйлестіріп, шұғыл шараларды әр күнгі селекторлық байланыс арқылы шешуде.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы