Су үнемдеу технологиясын қолдану өнімділікті арттырады

20 Маусым, 2017 11:32
Су үнемдеу технологиясын қолдану өнімділікті арттырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серікбай Тәпеев  айтқандай,  Қордай ауданында өнімділікті еселеп арттыратын тамшылатып суару технологиясы 2013 жылы 630 гектарды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2929 гектарға дейін өскен. Бұдан бөлек жаңбырлатып суарылатын алқап 2013 жылғы 600 гектардан 2210 гектарға жеткізілген.

«Аудандағы нақты пайдаланып отырған 31,8 мың гектар суармалы жердің 1/6 бөлігінде немесе 16,2 пайызында су үнемдеу технологиясы қолданылуда. Бұл озық технологияның басымдылығын іс жүзінде көрген шаруашылықтар бұл жаңа іске түбегейлі бет бұрып отыр», - деді С.Тапеев.

Жалпыға мәлім, егін шаруашылығында ауыспалы егістік арқылы жоғары өнімділікпен қатар, алқаптарды дақыл аурулары мен зиянкестерден, арамшөптерден таза ұстауға қол жеткізіледі.

 

Барлық жаңалықтар