- Басты
- Жаңалықтар
- Швейцария аймақтағы су мәселелерін шешуде көмектесуге ниетті
Швейцария аймақтағы су мәселелерін шешуде көмектесуге ниетті
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Астанаға сапармен келген Швейцарияның сыртқы істер федералды департаментінің басшысы (министр) Дидье Буркхальтермен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Жалпы, Швейцария Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының бірі және 2016 жылы екіжақты тауар айналымы 2,8 млрд долларды құрады.
Сонымен, Д. Буркхальтер Қазақстанның халықаралық аренадағы және Астана процесі аясында Сириядағы жағдайды реттеудегі рөлін жоғары бағалады.
Оның айтуынша, Швейцария Қазақстанмен аймақтық кең ауқымдағы мәселелер бойынша белсенді серіктестік орнатуға дайын, тіпті Орталық Азияда суды рационалды тұтыну мәселесі бойынша қол ұшын созуға дайын.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары «Орталық Азиядағы су әлемі: 2030 жылдың күнтәртібі – су қауіпсіздігі мен өзара тиімді өсім» үшінші халықаралық конференциясына қатысты. Ауқымды шараға Орталық Азия мен Швейцарияның сала сарапшылары қатысуда.
Қ. Абдрахманов атап өткендей, әлем мен аймақтық көптеген мәселелер бойынша Орталық Азия бірлесіп жұмыс істеуде.
«Су ресурстары проблемалары бойынша жақсы динамиканы көріп отырмыз және де аталмыш мәселеге Швейцарияның қосылуын қолдаймыз. Бұл мемлекеттің аталмыш салада тәжірибесі мол», – деп толықтырды ол.
Су тапшылығы ірі он жаһандық мәселелердің бірі. Сондықтанда, Қазақстанның басты мақсаты су үнемдеу технологиясын пайдалану, су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру, су экологиялық жүйелердің қауіпсіздігін кепілдендіру арқылы халықты және өндірісті сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен, Швейцария мен Орталық Азия елдерінің қатысуымен өткен бұған дейінгі конференциялар 2014 жылдың қарашасында Базельде және 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында болды.
Толықтырып кететін болсақ, Швейцарияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы альпілік елдің ЭКСПО–2017 көрмесіндегі павильонын аралады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы