- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен 46 жоба іске асты
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен 46 жоба іске асты
Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінде біздің елде осы банктің қолдауымен жалпы құны 8,1 миллиард доллар көлеміндегі 46 жоба іске асты.
Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толып отырғанын атап өтті. Банк ширек ғасырда еліміздегі жекеменшік секторды дамытуға, құрылымдық реформалар жүргізуге және инфрақұрылымды жақсартуға өзіндік үлес қосты.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан 2050 жылға қарай озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырғанын айтты. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру міндеті қойылды.
Гүлшара Әбдіқалықова 2017 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде 190 елдің арасында 51-орыннан 35-орынға көтерілгенін атап өтті. «Тәуелсіздік жылдарында елімізге келген шетелдік тікелей инвестицияның жалпы көлемі шамамен 280 миллиард доллар болды», – деді Мемлекеттік хатшы.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қазіргі қарқынына қанағаттанатынын жеткізді.
Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова А.Браунға амандық тілеп, банкке мүше елдердің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде табысқа жетуіне ниеттестігін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты