- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жылына 50 тонна жібек өндірілетін болады
ОҚО-да жылына 50 тонна жібек өндірілетін болады
Семинар кеңестің тәжірибелік бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында жалғасты.
Аталған бау облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектарды құрайды. Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал 25 гектарына шырша ағашы отырғызылған.
Дәл осы бауда жеке шаруа Сұлтан Бакиров жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген Сұлтан Бакиров биылдан бастап жібек құртын өсіруге кіріскен.
Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 келі жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ.
«Жібек өндірісі - әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол тұт ағашы. 1 гектар тұт бауынан орташа есеппен 48 тонна жапырақ алынады. Мәселен 1 келі жапырақты 20 теңгеден сатқанда, 1 гектар тұт бауынан 960 мың теңге табыс табуға болады. Ал, 1 тонна жапырақ, 1 қорапшадағы 19 грамм жібек кұртын азықтандыруға жетеді. Әр қорапшадан 55 келі жібек өндіріледі», - дейді Сұлтан Бакиров.
Айта кетейік, жібектің әлемдік нарықтағы құны 1 келісіне 30-40 долларды құрайды. Жібек өндірісі әсіресе Қытай мен Жапония елінде қарыштап дамыған. Ал, ТМД мемлекеттері арасында Өзбекстан жібек шаруашылығын мықтап қолға алған. Келешекте табысы мол бұл саланы Оңтүстік Қазақстан облысында да дамыту жоспарланып отыр.
Семинар кеңестің теориялық бөлімі Ақбастау ауылындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жиында жібек өндірісін дамытудың мүмкіндіктері мен тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары коопертаивтерге бірігудің тиімділігіне тоқталса, қаржы ұйымдарының өкілдері несие алудың шарттарымен таныстырды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда