• Басты
  • Жаңалықтар
  • Барлық мемлекеттік бағдарламалар бюджеттік қаржыны дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі– Премьер-Министр

Барлық мемлекеттік бағдарламалар бюджеттік қаржыны дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі– Премьер-Министр

19 Маусым, 2017 14:09
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ның экспорттық стратегиясы қалай әзірленіп жатқандығын Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косаревтің сұрағына жауап беру кезінде баяндады.

Б.Сағынтаев айтып өткендей, жаңа заңнамаға сәйкес, Есеп комитеті Үкіметке бюджет туралы  жобаның алдын ала бағасын ұсынады.

«Бұл алдағы жұмысымызға оң әсер береді деп ойлаймын.  Ұлттық экономика министрлігі  бюджеттік заңнаманы түзетумен айналысып жатыр.  Әкімшілік бағдарламалар мен жергілікті  атқарушы органдарға, мемлекеттік-орталық органдарға кеңеюге еркіндік берілуде, бюджеттік қаржыны жұмсауға бақылау күшейтілуде», - деді министрлер кабинетінің басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, қазір Стратегиялық жоспар, Цифрлық Қазақстан мен Ұлттық экспорттық стратегия сынды маңызды құжаттарды қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Басты құжат – Қазақстанның  2025 жылға дейінгі стратегиялық даму  жоспары.  Жаңа технологиялық бастама, бұл Елбасының тапсырмасы. Бұл өте күрделі құжат, біз сарапшылар мен мамандармен жұмыс істеп, халықаралық консультанттарды тартып жатырмыз. Астана экономикалық форумының   арнайы сессиясында халықаралық  қаржы  ұйымдарының  бағасы мен ұсыныстарын тыңдадық. Стратегия бойынша  6 негізгі бағыт таңдалды. Сондай-ақ, Ұлттық экспорттық стратегия мен Инвестиция жөніндегі  Ұлттық стратегия  бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Екі құжат тамыз айында қабылдануы керек», - деді Б.Сағынтаев.

Сондай-ақ, халықаралық және отандық сарапшылар тартылды.

« «Цифрлық Қазақстан» бойынша: технологиялардың келуімен барша әлем өзгеріске ұшырауда. Егер біз жұмыста аталмыш жаңашылдықтарды қолданбасақ, қолданушы ретінде қалып қоямыз. Сондықтан, Цифрлық Қазақстан бойынша келетін барлық жобалар  бюджеттік қаржыны дұрыс  жұмсауға, қажетті  мақсатқа бағыттауға мүмкіндік береді», - деді Б.Сағынтаев.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар