- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның басты міндеті - жаңартылатын энергетика технологияларын дамыту
Қазақстанның басты міндеті - жаңартылатын энергетика технологияларын дамыту
«Қазір әлем энергетика тұрғысында одан әрі қалай дамиды деген сұрақ туындап отыр. Осы конгресті қоса алғанда ЭКСПО-2017 көрмесі осындай мәселелерді талқылауға болатын тұғырнама деп ойлаймын. Көрменің дәстүрлі шикізат экономикасы бар ел алаңында өтіп жатқаны өте маңызды. Басты бағыттары – дәстүрлі, жаңартылмайтын энергия көздерінен кету және жаңартылатын энергетика технологияларын қарқынды дамыту, соның ішінде күн, жел, гидро-, биоэнергетика және басқа да түрлердің өзіндік құнын төмендету. Бұл Қазақстанның дамуының басым бағыттарының бірі», - деді А. Амрин.
Сондай-ақ ол 2015 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы университетті, ҚазҰУ қоса алғандағы 11 институт индустриялық-инновациялық даму аясында инновациялық бағдарламалар әзірлегенін атап өтті.
«Осы білім беру бағдарламалары біздің шетелдік жоо-әріптестерімізбен және кәсіпорындарымызбен бірге әзірленіп, келісілді. Біздің жоо-ларымыз еліміздің басқа жоо-ларымен тәжірибе алмасуда. Жалпы, Қазақстанның жоғары мектебіне жаңа білім, инновациялар, халықаралық деңгейде талап етілетін инженер кадрларды даярлау орталығына айналу міндеті қойылып отыр. Ол үшін білім беру процесіне жаңа тәсілдер, заманауи технологиялар қажет екенін түсінеміз. Инженерлер энергетикалық саладағы заманауи сын-тегеуріндерге қатысты әрекет етуге, тұрақтылыққа, қауіпсіздік пен экологиялылыққа баса назар аударуға дайын болуы тиіс. Сондықтан біз мультитілділік, мультимәдениеттілік, клиентке бағдарлану сияқты бағыттарды қоса алғандағы даму дағдылары мен біліктіліктерін, салааралық коммуникация дағдыларын, бағдарламалау, шешім табу, сондай-ақ жүйелі ойлауды таңдадық. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп қосты А. Амрин.
Еске сала кетейік, Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды іске асыру әдістері» атты тақырыппен WSEC-2017 дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресі өтуде. Форумға әлемнің 51 елінен 1000-нан астам қатысушы келді.
Кайрат Жандыбаев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту