- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жұмыспен қамту орталығы жоғары сұранысқа ие мамандық түрлеріне оқытады
Астананың жұмыспен қамту орталығы жоғары сұранысқа ие мамандық түрлеріне оқытады
Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға топтарды құрау үшін қосымша жазылу жүргізіп жатыр.
Олар: тігінші, аспазшы, наубайшы, даяшы,электромонтер, сандық, компьютерлік сауаттылық дағдылары.Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (міндетті түрде педагогикалық білімі бар болуы керек), бақылаушы-кассир, саудадағы менеджер, тігінші, ағылшын тіліне де оқыту жүргізілуде.
Бағдарламаға қатысушылар тегін оқытылады әрі 16 759 теңге көлеміндегі стипендиямен қамтамасыз етіледі, өзге қалалықтарға тұрғын үйді жалға алуға кеткен шығынды өтеу қарастырылған. Оқу мерзімі 1 – 3 ай.
Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, 22 маусымда Астанада кезекті жәрмеңке өтеді. Жұмыс іздеушілерге 60 жұмыс беруші 100 бос жұмыс орын ұсынады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет