- Басты
- Жаңалықтар
- Astana Art Fest – Номадтың ұлы жолы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Astana Art Fest – Номадтың ұлы жолы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астаналықтар мен қала қонақтарына жаңа адамның ұлы жолы – Номад туралы интерактивтік театрландырылған бірегей шоуды тамашалау бақыты бұйырды. Оның ескі жолы мен даму кезеңдері, рухтың пайда болуы мен ішкі трансформациясы психологиялық призма арқылы таныстырылды. Бишілердің құйын тәрізді қозғалуы мен әсерлі театрлық әрекет барлық көрерменді өз әлеміне жетелей жөнелді.



« «Номадизмді» көбінесе өмірге қабілетті жүйе ретінде қабылдаймыз. Номад - тек көшпенді ғана емес. Номад - әлем және жұлдызбен тоғысатын адам. Бұл метафора емес. Табиғат пен оның әуенімен сіңісу, иісін сезіну, өмір сүру. Ол үшін қозғалысты бастап, өзіңмен-өзің кездесуің керек. Astana Art Fest өнерді түзде таныстыру арқылы қала мен оның тұрғындарының ажырамас бөлігіне айналады, өзгеріске жетелейді. Nomad Energy шоуы – қарқыны осыншалықты ауқымды Қазақстандағы театрландырылған алғашқы шоу. Бұл дала театры емес, сенің жан-жағыңды көркем шығармаға бөлейтін, әсерлі, әрі әдемі шынайылыққа жетелейтін әлем», - деді ашылу салтанатының кураторы Ольга Сұлтанова.

Nomad Energy – фестивальдің басты идеясы, қойылым нәтижесінде ол түсінікті болып қана қоймай, әуенмен әрленген музыкалық әсер сыйлайтын бағдарлама мен fire-show, оттың лаулап жануы нәтижесінде шоуға келген көрерменнің рухындағы жаңа номадтарды оятты.


Театрландырылған шоудан басқа астаналық желек жолда арт нысандар орын тепкен.




«Фестиваль хедлайнерлері – суретшілер. Бұл заманауи өнердің бір бөлігі, яғни фестивальдің жеке бағыты. Хедлайнерлерге келетін болсақ, шараның ашылуына от мүсіншілерінің бірі Арагорн Дик Рид қатысты.




«Номадттың саяхаты» от текшесі шоуды әдемі аяқтады. Мүсіннің ішіндегі жалын – символдарға энергия, өмір сыйлап тұрған жарық болса, екінші бір тараптан қауіп пен адами бастамалардың нәзік екендігін ескертіп тұрғандай.


Сәуле шашқан қуыршақтардың қара түнде қозғалуы әрбір адамға Номадтың рухы мен өмірдің күш-қуатын жеткізе білді.


Айта кетейік, ASTANA ART FEST – халықаралық өнер фестивалі, Қазақстандағы ғылым мен өнердің көптеген бағыттарын біріктірген жаңа халықаралық форматтағы арт-фестивальдардың бірі. Бұл ғалымдар, сәулетшілер, дизайнерлер, музыканттар, бишілер, әртістер мен әдебиетшілер қоғаммен өзара іс-қимыл жасайтын бірегей кеңістік.


Қайрат Жандыбаев
Фото: автор
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары