- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтарал ауданында жыл басынан бері 134 жоба жүзеге асырылды
Мақтарал ауданында жыл басынан бері 134 жоба жүзеге асырылды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, бүгінде кооперативтің 460 гектар жері бар. Кооператив мақта, қауын-қарбыз дақылдарын өсірумен айналысады.
Беларусь» тракторынан бөлек ескі 10 трактор, 5 комбайн, 15 тележка, 5 дәрі шашатын ОБҚ тағы басқа техникаларымыз бар. Дегенмен, жаңа техникалардың арқасында өнімімізді еселеп арттырып отырмыз. Кооператив 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«2009-2017 жылдар аралығында «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» микро кредиттік ұйымы арқылы Оңтүстік Қазақстан облысында 46,8 миллиард теңгені құрайтын 15 336 жоба қаржыландырылған. Осының арқасында 37 909 жаңа жұмыс орындары ашылған. Оның ішінде 2017 жылдың 4 айында 2,8 миллиард теңгеге 999 жоба іске асқан» - дейді «Оңтүстік» АИО-ның баспасөз хатшысы Муаттар Азадова.
Ал, Мақтарал ауданында 2017 жылдың басынан бері 316,3 миллион теңгені құрайтын 134 жоба қаржыландырылған екен. Оның ішінде «Оңтүстік» АИО арқылы 6,5 миллион теңгелік 1 жоба, «Ырыс» МКҰ арқылы 309,8 миллион теңгелік 133 жоба іске асқан.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МКҰ арқылы ең көп қаржыландырылған Шымкент қаласы болса, екінші орында Сайрам ауданы тұр. 4,9 миллиард теңгемен Мақтарал ауданы үшінші орынға жайғасқан. Жалпы, 8 жыл ішінде Мақтарал ауданында «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МКҰ арқылы 3 213 жоба іске асқан.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда