- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл салықтық тексеріс қысқартылады – Қаржы министрлігі
Биыл салықтық тексеріс қысқартылады – Қаржы министрлігі
Б.Сұлтанов айтып өткендей, Салық кодексінің жаңа жобасында тексеріске негіз болатын 56 пайыз норманы алып тастау қарастырылып отыр. Қорытындысында, 32 –нің орнына 14 норма қалады.
«Аталмыш жұмыстың нәтижелілігі үшін біз бизнеске қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Кіріссіз шығын болмайды деген түсінік бар. Сондықтан да салықтық түсімдерді арттыру салықтық тексерістерді азайту негізінде орын алады. Мәселен, биыл ол 37,5 пайызға қысқартылады. Салықтық тексерістерде сенім ұстанымына негізделген әдістер мен ынтымақтастықтың өзара байланысы, көкжиектік мониторинг болады. Салықтық әкімшілендіруді одан әрі ақпараттандыру салықтық тексерісті азайтуға жұмыс істейді», - деді министр.
Сондай-ақ, министрліктің маңызды мәселелерінің бірі тиімсіз салықтық пұрсаттылық санын қысқарту болып табылады.
«Белгілі болғандай, аталмыш жеңілдіктер бизнесте салықты қысқарту үшін қолданылады. Осы орайда, НҚС, ККС жергілікті салық бойынша жеңілдіктері қарастырылады. Заңнаманы гуманизациялау аясында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкесінше өзгертулер енгізу қарастырылған. Ең басты мәселе – әкімшілік айыппұлдар көлемін азайту және жазалаудың орнына ескерту институтын толық қолдану», - деді ведомство басшысы.
Жалпы, 2016 жылғы бюджетті орындау кәсіпкерлікті ынталандыру мен жұмыс орнын құруға бағытталған. Экономика өсімі 1 пайызды құрады. Бюджет кірісі 7,7 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 трлн теңгені құрап отыр.
Ақбота Күзекбай
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары