- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысындағы медицина қалай дамып жатыр
Ақмола облысындағы медицина қалай дамып жатыр
Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлестері үшін өңір басшысы медицина ұйымдарының қызметкерлеріне ведомстволық наградалар мен алғыс қағаздарын үлестірді. Сондай-ақ, шара аясында облыс әкімі заманауи қондырғылармен жабдықталған 6 реанимобильдің кілтін табыстады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға елдің стратегиялық мақсаттарға жетудің маңызды бөлігі ретінде қарауды айтқан болатын. Денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты сапалы әрі қолжетімді медицина қызметін ұсыну. Кез келген елдің басты құндылығы ол-адам, тұрақтылық пен гүлденудің кепілі», - деді әкім.
Айта кетейік, Ақмола облысында денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары емдеу-сауықтыру мекемелерінің қондырғылары толық өзгертілді, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар енгізілуде. Бұл жұмыстың көрсеткіші ретінде демографиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын айтуға болады.
Соңғы жеті жылдың өзінде 1000 дана медициналық техника, 150 бірлік санитарлық автокөлік пен реаномобиль сатып алынып, 28 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен Бурабай ауданының Кенесары елді мекенінде ауысымына 25 адамды қамтитын дәрігерлік амбулатория құрылысына 107,3 млн теңге бөлінді.
Биылғы жылы 9 нысанға 1,1 млрд теңгенің күрделі жөндеуін жүргізу қарастырылған.
Айта кетейік, өткен жылы облысқа 359 медицина қызметкері келді, оның ішінде 70 дәрігер мен 289 медициналық қызметкер бар. 74 медициналық қызметкерге баспана берілді, 34 жас маманға 100,6 млн теңге көлемінде баспана алу үшін несие берілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады