- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан шикізаттық емес экспортты 20%-дан астам ұлғайтқан
Қазақстан шикізаттық емес экспортты 20%-дан астам ұлғайтқан
«Жалпы әлемде экономиканың баяу қалпына келуі байқалады. Қазақстан жыл басынан бері өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтып келеді. Отандық өнімге сұраныстың көбеюі байқалады. Мысалы, 2017 жылғы 4 ай ішіндегі өңделген тауарлар экспорты 836 млн долларға (21%) өскен», - делінген хабарламада.
Шет елдерге жеткізілген тауарлардың 54%-ға жуығы – металлургия өнімі, 20%-дан астамы – химия өнеркәсібі, 13%-ға жуығы – отын және 7%-ы тамақ өнеркәсібі саласына жатады. Бағалардың өсуіне байланысты, ең көп өсімді металлургия саласы мен минералды өнімдер құрайды.
Отандық экспорттаушылар әлемнің барлық елдеріне экспорт көлемдерін арттыруда. Қытай және Ресей Қазақстанның шикізаттық емес экспортының негізгі өткізу нарықтары болып қалуда және 40%-дан астам үлесті алып отыр, 2017 жылғы 4 ай қорытындылары бойынша мұндағы экспорт сәйкесінше 21% және 27% өскен. БАӘ-ге 32 мың тонна мыс өнімі экспортталған. Еске сала кетейік, қазір екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ЕО елдеріне, атап айтқанда Батыс және Шығыс Еуропаға жеткізілімдер 8%-ға өсіп келеді.
Өткен жылдан бастап Вьетнамға экспорт көлемі қарқынды түрде өсіп келеді және 2017 жылғы 4 ай қорытындылары бойынша негізінен мырыш және қорғасын экспорты 91 млн АҚШ долларына дейін 4 есе өскен.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты