- Басты
- Жаңалықтар
- Варшава еліміздің Еуропа Одағындағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі – С.Громов
Варшава еліміздің Еуропа Одағындағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі – С.Громов
Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Польшаға алғыс айтты. Қазіргі кезде көрмеде балама энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы әлемдік технологияның үздік үлгілері көрініс тапты.
С. Громов Варшава біздің еліміздің Еуропа Одағындағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Польша Президенті Анджей Дуданың биылғы қыркүйектегі Астанаға сапары ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын ілгерілетуге ықпал ететін болады. Қазақстан Сенаты Төрағасының орынбасары біздің еліміз Парламенті жоғарғы Палатасының конституциялық өкілеттіктерімен және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен меймандарды таныстырды. Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың келешегі талқыланды. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.
Мария Коц біздің елдеріміз арасында қол жеткен өзара түсіністік деңгейін жоғары бағалады және Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық диалогты жалғастыру қажеттігі туралы айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар