Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры тағайындалды

17 Маусым, 2017 18:57
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Пірәлиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. 

Барлық жаңалықтар