- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы артты
Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы артты
Астанадағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының XIII отырысында қол елдің үкіметтік делегациялары екі елдің экономика, энергетика, көлік және логистика, АӨК, туризм, азаматтық авиация салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында елдер арасындағы өзара сауда көлемі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға өсті және 486,3 млн долларды құрады. Осыған байланысты, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин экономикалық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін баса айтты.
Айтар болсақ, бүгінде Қазақстанда Украинаның қатысуымен 661 кәсіпорын жұмыс істейді.
«Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайтып, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту керек, сондай-ақ Қазақстан мен Украинаның кәсіпкерлері арасында тікелей байланысты орнату қажет», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин.
Қазақстан мен Украина арасындағы жүк ағынының артуы транзит пен логистика саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін айғақтайды. 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Украина арасындағы экспорттық және импорттық жүк көлемі 186,6 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Транскаспий халықаралық көлік бағдары дәлізін дамыту жұмысы жалғастырылып жатыр.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша А. Мамин мен Г. Зубко тиісті хаттамаға қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция