- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Инклюзивті даму – бейбітшілікті сақтаудың ең күшті құралы (ФОТО)
Н.Назарбаев: Инклюзивті даму – бейбітшілікті сақтаудың ең күшті құралы (ФОТО)

«Мерейтойлық Астана экономикалық форумы бетбұрысты тарихи кезеңде өтіп жатыр. Бір апта бұрын Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен болатын. Ұйымға Үндістан мен Пәкістан енді. Осы елдердің Ұлы Жібек жолының қайта өркендеу бағдарламасын қамтуы жаңа экономикалық қосалқы өңір құрады. Саммитке қатысқан БҰҰ Бас хатшысы ШЫҰ бүгінгі бейбіт өмірдің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті. Бейбітшілікті сақтаудың ең күшті құралы – инклюзивті даму, бүгінгі форум дәл осы инклюзивті даму көзіне арналып отыр», - деп бастады өз сөзін Н.Назарбаев.

ҚР Президенті жаңартылатын энергия үлесі әлемдік энергия теңгерімінде 24%-ды құрап отырғанын, ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 40%-ға дейін өсетінін айтып өтті.
«Қазіргі әлем бұрын болмаған жылдамдықпен өзгеріп келеді. Біз жаңа экономикалық дәуірге, жаңа ғылыми-техникалық жаңалықтар, ғылыми-техникалық шешімдер дәуіріне аяқ бастық, олар экономикалық өсім табиғатын және біздің өмір сүру салтымызды түбегейлі өзгертуде. Инновациялар, соның ішінде ақпараттық технологиялар, энергетика саласындағы инновациялар осы процесті алға қарай жылжытуда. Жаңартылатын энергия үлесі әлемдік энергия теңгерімінде 24%-ды құрап отыр, ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 40%-ға дейін өсетін болады», - деді Ұлт көшбасшысы.

ҚР басшысы бүгінгі таңда әлемдік экономикалық саясат заманауи сын-тегеуріндерге толық жауап бермейтінін де атап өтті.
«Біріншіден, 9 жыл бұрын орын алған ең ауыр қаржы дағдарысының негізгі себептері әлі күнге дейін жойылмаған. Оларға әлемнің ішкі өнімінен 2-3 есе асатын жаһандық қарыз өсімі қосылуда. Екіншіден, әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяу қалпына келуде. Үшіншіден, жаһандық саудада кері процесс байқалады. Өткен жылы сауданың әлемдік өсімінің қарқыны соңғы 8 жыл ішінде ең төмен болды. Төртіншіден, қоршаған ортаның ластануы шекті көрсеткіштеріне жеткен, БҰҰ деректері бойынша егер парниктік газдар проблемасы шешілмесе, әлемдік экономика 12-13 трлн долларға дейін немесе әлемдік ЖІӨ-нің 16%-ын жоғалтады. Бесіншіден, жаһандық энергия тұтынуда теңгерімсіздіктер өсіп келеді, мұндай теңгерімсіздіктер жаһандық және өңірлік ауқымдағы теріс процестердің себебіне айналады. Мысалы, көші-қон ағымдарының едәуір өсуі. Осы мәселелердің барлығын бүгін біз осы дөңгелек үстел барысында қонақтармен бірге талқыладық, олар осы мәселелер бойынша өздерінің терең ойлары мен ұсыныстарын білдірді», - деді Н.Назарбаев.


Еске сала кетейік, елордада Астана экономикалық форумының екінші күні өтуде. Іс-шара жоспары бойынша 20-дан астап панельдік сессия ұйымдастырылған, олардың ең бастысы Қазақстан Президентінің қатысуымен өтуде.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды