- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабы Оңтүстік Америка және Азия елдерімен меморандумға отырды
Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабы Оңтүстік Америка және Азия елдерімен меморандумға отырды
Хабтың хабарлауынша, Хабпен әріптестік мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибені ілгерілетіп, білім алмасу бойынша әртүрлі халықаралық бастамалар мен шараларға қатысуды, сарапшылар желісін дамытуға ат салысуды қамтиды. Меморандум ауқымында сараптамалық материалдар мен зерттеулер нәтижелерімен алмасу, бірлескен ғылыми-оқыту жобаларын жүзеге асыру көзделген. Тараптар мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша ортақ оқыту шараларын, оның ішінде дәрістер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және форумдар өткізу мүмкіндігін қарастырады.
«Жалпы, бүгінгі кездесу барысында қонақтар Хабтың аймақ елдері мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен ауқымды сараптамалық базасын атап өтті. Хабтың сарапшылар реестрі 25 елдің 90 астам жетекші мамандарын біріктіреді, Хаб 30 астам мемлекеттік басқару саласындағы беделді халықаралық ұйыммен тұрақты әріптестік орнатқан. Бразилия мен Бангладештің қосылуына орай Астана хабы қатысушылары саны бастапқы 25 елдің орнына Америка, ЕО, ТМД, Кавказ бен AСEAН мемлекеттерін қоса алғанда, 38 елге артты», - деді Ә. Байменов.
Айта кетер болсақ, кездесуге Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов, Бразилия СІМ «Рио Бранко» Дипломатия институты бас директоры Жозе Эстанислау до Амарал Соуза Нето, Бангладеш премьер-министрі кеңсесінің a2i (Access to Information) бағдарламасы саясаты бойынша кеңесшісі Анир Чоудхури, SESRIC бас директоры Муса Кулакликая, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов қатысты.
Ақбота Күзекбай
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар