Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабы Оңтүстік Америка және Азия елдерімен меморандумға отырды

Астана экономикалық форум аясында Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабы Бразилия СІМ Дипломатия институты, Бангладеш премьер-министрі кеңсесі, Эстония электронды басқару Академиясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Зерттеулер мен оқыту орталығы (SESRIC) және Қазақстанның «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациямен ынтымақтастық жайлы меморандумдарға қол қойды.
Нұр-Сұлтан 16 Маусым, 15:53

Хабтың хабарлауынша, Хабпен әріптестік мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибені ілгерілетіп, білім алмасу бойынша әртүрлі халықаралық бастамалар мен шараларға қатысуды, сарапшылар желісін дамытуға ат салысуды қамтиды. Меморандум ауқымында сараптамалық материалдар мен зерттеулер нәтижелерімен алмасу, бірлескен ғылыми-оқыту жобаларын жүзеге асыру көзделген. Тараптар мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері бойынша ортақ оқыту шараларын, оның ішінде дәрістер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және форумдар өткізу мүмкіндігін қарастырады.

«Жалпы, бүгінгі кездесу барысында қонақтар Хабтың аймақ елдері мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен ауқымды сараптамалық базасын атап өтті. Хабтың сарапшылар реестрі 25 елдің 90 астам жетекші мамандарын біріктіреді, Хаб 30 астам мемлекеттік басқару саласындағы беделді халықаралық ұйыммен тұрақты әріптестік орнатқан. Бразилия мен Бангладештің қосылуына орай Астана хабы қатысушылары саны бастапқы 25 елдің  орнына Америка, ЕО, ТМД, Кавказ бен AСEAН мемлекеттерін қоса алғанда, 38 елге артты», - деді Ә. Байменов. 

Айта кетер болсақ, кездесуге Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов, Бразилия СІМ «Рио Бранко» Дипломатия институты бас директоры Жозе Эстанислау до Амарал Соуза Нето, Бангладеш премьер-министрі кеңсесінің  a2i (Access to Information) бағдарламасы саясаты бойынша кеңесшісі Анир Чоудхури,   SESRIC бас директоры Муса Кулакликая, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов қатысты.

 Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика