- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті (ФОТО)
Н.Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті (ФОТО)
Елбасы дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін ризашылық білдірді.
"Сарапшылармен жүздесіп, әңгімелесу әрдайым аса маңызды әрі қызықты. Әсіресе, қазір әлемде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұның маңызы зор", – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық технологиялық даму зор қарқын алып отырғанына тоқталып, Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің тақырыбы өзекті екенін атап өтті.
"Көрменің арқасында Қазақстан жаңа технологиялардың дамуы тұрғысынан әлем назарын өзіне аударып отыр. Соған қарап қоршаған ортамыз қалайша түбегейлі өзгеріп отырғанын көре аламыз. Электромобильдерді, өздігінен жүретін көлікті, нанотехнологияларды, сондай-ақ жаңа энергия түрлерін біз футуристік дүниелер деп санайтынбыз. Қазір соның бәрі шындыққа айналуда", – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев ілгерілеуге ықпал ететін күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерге тоқталып, жаһандық проблемаларды шешу үшін күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
"АҚШ-тың Париж келісімінен шығатыны туралы мәлімдеме, Катардың төңірегіндегі жағдай орнықты дамуды күрделендіре түсті. Түрлі елдердегі экологиялық проблемалар, жаһандануға қарсылық үдерісі, көші-қон ағыны мен патернализм сауда жасауға, өзара қарым-қатынасқа және интеграцияға кедергі келтіруде", – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында А.Квасьневский, С.Месич, С.Тимашев, Р.Чунг, Д.Френкель, А.Спицын, Д.Даокуи Ли, И.Саконг, П.Тичанский, Д.Перкинс, Д.Гарольд, Н.Талеб, Х.Бюркнер баяндама жасады.
Соңында Қазақстан Президенті дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға әңгіменің мазмұнды болғаны үшін алғыс айтып, өзекті мәселелерді Астана экономикалық форумы аясында талқылауды ұсынды.
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)