Елордада Астана экономикалық форумының екінші күні өтуде

16 Маусым, 2017 15:18
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Х Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы өтуде.

Елордада Астана экономикалық форумының екінші күні өтіп жатыр. Бүгінде 20-дан астам панельдік сессия жоспарланған, олардың ең бастысы Қазақстан Президентінің қатысуымен өтуде.

Бұдан бөлек, Елбасы форум аясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қоса алғанда, экономика бойынша жетекші әлемдік сарапшылармен және ғалымдармен кездесу өткізді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы Астана экономикалық форумының тақырыбы – «Жаңа энергия – жаңа экономика». Оған 100 елден 4 мыңнан астам делегат қатысуда.

Араб мемлекеттерінен, Еуропа мен ТМД елдерінен әр түрлі сарапшылар «жасыл» экономика саласындағы әріптестіктерге ерекше назар аудара отыра, Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығының және әріптестік саласындағы үшжақты ынтымақтастықтың рөлін талқылауда. Форум аясында әр түрлі салалардағы бірқатар шарттарға қол қойылды.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар