Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

16 Маусым, 2017 16:36
22 маусым күні «Жастар» сарайында сағат 10:00 – 13:00 аралығында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараны жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыруда. Әр түрлі сала бойынша 60 жұмыс беруші 100-ден астам жұмыс орындарын ұсынбақ.

Айта кетсек, жыл басынан бері Астанада  7 730 бос жұмыс орны құрылған. Қазіргі таңда 7 508 азамат жұмысқа орналастырылды. Сонымен қоса 1- ші маусымдағы жағдай бойынша елордада  8 523 босжаңа  жұмыс орны бар.

 

 

Барлық жаңалықтар