Қазақстанда 2025 жылға қарай мұнай мен газ өндіру көлемі артады

16 Маусым, 2017 14:03
2025 жылға қарай мұнай мен газ өндіру көлемі 107,3 млн-ға, газ өндіру 77,3 млрд текше метрге артады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

 «Елбасының Жолдауы аясында  мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру  барысында  Энергетика министрлігінде  1 наурыз күні  енгізу штабы құрылды, ол Экономиканы үшінші жаңғыртудың жаңа  экономикалық өсімінің моделін  әзірлеу мен  енгізу бастамасымен айналысады. Бастамалар  энергетикалық саланың стратегиялық маңыздылығы мен  мұнай-газ кешенінің жұмысына жаңа серпін береді», - деді А.Мағауов.

Бастамаларды сәтті жүзеге асыру үшін  басқарудың жобалық әдісі енгізілді, ол дамыған елдерде қарқындай түскен.

«Жоспарлау кезіндегі  100 күнде ішкі және  сыртқы сынақтар нақтыланып, енгізуге бастамалар дайындалды, жобалардың міндеттік индикаторлары, бастамалар тиімділігінің негізгі көрсеткіштері,  мен қаржыландырудың көлемі мен көздері, енгізудің  нақты жоспары  дайындалды», - деді Ә.Мағауов.

500 күн ішінде  мұнай-газ кешенінде 11 бастаманы енгізу қарастырылған.

«2025 жылға  қарай  мұнай өндіру  көлемін  107,3 млн теңгеге арттыру, газды  77,3 млрд текше метрге жеткізу қарастырылған. Мұнай  өңдеу көлемінің жыл сайынғы көлемі  17 млн тоннаны құрауы керек. Бастамаларды сәтті жүзеге асыру 2025 жылға дейін  жанармай-энергетикалық кешенінің  ЖҚҚ ортажылдық өсімін 2,4 базалық көрсеткішінде   4,1 пайызға арттыру көзделген», - деді Ә.Мағауов.

Жалпы, жүзеге асырылған бастамалардың әсері экономиканың мақсатты өсімін  5,5 – пайыз ЖІӨ-ға өсіреді. Ол 2050 жылға қарай  дамыған алдыңғы қатардағы елдердің  ондығына енгізуді қарастырады.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар