- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада 150 партиялық донорлар қатарына қосылды (ФОТО)
Елордада 150 партиялық донорлар қатарына қосылды (ФОТО)
«Бірлік» партиясы хабарлағандай, дәстүр бойынша «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының партия мүшелері ұйымдастырып, жыл сайын өткізілетін «Бір тамшы қан-сақталған өмір!» акциясына 150 ге жуық партия мүшесі белсене қатысты.
Қайырымдылық акциясына қатысушылар қатарында Республикамыздағы танымал тұлғалар - шығыстанушы, дінтанушы Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Astana-Opera» балетінің жетекші солисті Таир Гатауов және Тай боксы, муай - тайдан екі дүркін Әлем чемпионы Николай Самусев қатысты.
«Дәл осындай акцияларға жыл сайын белсенді түрде қатысу дәстүрге айналғандай», - деді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов.
«ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» РМК бірлесіп төрт жыл қатар жүргізілген жұмыстың жемісті нәтижесі – ерікті түрде мыңға жуық адам қан тапсырған. Жыл сайын көбейіп отырған көрсеткіш елордамыздың азаматтарының парасатты және жағдайға немқұрайлы қарамайтындықтарын дәлелдейді. Қан тапсырушылар қатарын жастар құрайтыны қуантады, себебі, қан тапсыру-мейрімділік актісі болып саналады» - деп айтып өтті Ш.Кожахметов.
Айта кету қажет, қайырымдылық акциясының мақсаты ерікті қан тапсыруға қоғамның назарын аудару болып табылады.
14 маусымда Халықаралық донор күні аталып өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі