Меркі ауданы АӨК бағдарламаларын артығымен жүзеге асыруда

16 Маусым, 2017 13:48
Меркі ауданында 2017 жылдың егін егу науқанында 75 мың 505 гектар жаздық ауыл шаруашылығы дақылдары себілді, деп Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы айтты.

Мейірхан Азатұлының мәліметінше,  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2017 жылға мүйізді ірі қара малының 243 бас аналығы, 8 бас асыл тұқымды түрлендіруші бұқаларды сатып алу жоспарланған.  

««Меркі несие серіктестігі» арқылы  қазіргі таңда бағдарлама бойынша несие алуға ниет білдіруші 2 шаруа қожалықтардың  құжаттары қабылданып рәсімделуде», - деді М.Азатұлы.

«Құлан» кешенді бағдарламасы бойынша 2017 жылға 54 бас жылқы сатып алу жоспарланып,  барлығы 131 бас жылқы алынды, жоспар 243 % орындалды.

«Меркі ауданы бойынша сұранысқа ие аграрлық салада инвестиция тарту мақсатында 2017 жылы 147 гектар жерге   қант қызылшасы дақылына тамшылатып суғару қондырғыларын орнатты», -деп айтты аудан әкімі.

 

Барлық жаңалықтар