- Басты
- Жаңалықтар
- 186 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл жұмысқа тұрды
186 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл жұмысқа тұрды
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, Президент тапсырмасы аясында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны белгілі.
«Осы жылдың өткен кезеңінде (06.06.17 ж.) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 186 мыңнан астам адам қамтылып, оның ішінде 91 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 74,8 мың адам кейіннен белгілі бір бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылатындай жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар бағдарламалары арқылы уақытша еңбекпен қамтылды», - делінген хабарламада.
Еңбек нарығындағы түйткілдерді дер кезінде тарқату мақсатында, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жыл сайын жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылы 310,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылса, оның 151,6 мыңы ауылдық жерде пайда болған (2017 жылдың 1 маусымына - тиісінше 105 және 44,8 мың).
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылып, 2016 жылы елдегі жұмыспен қамту мекемелеріне 336,4 мың жұмыссыз адам көмекке жүгінген.
Бұл жерде 66%-дан астамы еңбекпен қамтылған (2017 жылдың 1 маусымына - 130,2 мың, 39 % жұмысқа орналастырылған).Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар, өңірлерді дамыту бағдарламалары еңбек нарығындағы ахуалға оң септігін тигізіп отыр.
2016 жылдың қорытындысында, 2015 жылмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны 8 623,8 мың адамнан 8 553,4 мың адамға азайып, осы орайда жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жалдамалы жұмысшылардың қатары 73 пайыздан 74,2%-ға көбейді. Ал өзін жұмыспен қамтығандардың үлесі 27 пайыздан 25,8%-ға төмендеп, өзін жұмыспен қамтығандардың ішінде өнімсіз тірлікпен айналысушылардың үлесі айтарлықтай, 22,4 пайыздан 13,6%-ға қысқарған.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді